Ұшқыр ой алаңы" пікір-сайыс турнирінің мектепішілік кезеңінде мектебіміздегі дебат клубының екінші топ қатысушылары қатысып, сайысқа түсті. Қарар тақырыбы :" БП саяси көшбасшыларды бастауыш сыныптан бастап тәрбиелеу керек деп санайды" тақырыбы бойынша пікір таластырды."Болашақ" және" Ақиқат" тобындағы спикерлер тақырып бойынша өз кейстерін ұсынып ортаға салды.Көшбасшылық -бұл талант. Көшбасшы болу үшін табандылық, ақыл, жылдамдық,ынта, өзіне деген сенімділік , білімге деген құштарлық, әділеттілік, ең бастысы Отанға деген сүйіспеншілігі жоғары болу керек деп ойларын қорытындылады.Пікірсайыс нәтижесінде "Болашақ" тобы қалалық кезеңге жолдама алды.