Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп окушыларын "Жас Ұлан", "Жас Қыран," бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік Гимн орындалды, мектеп өнерпаздары "Қазақстан бақыты" әнін шырқады.2, 5 сыныптардан 43 оқушы "Жас Ұлан" , 43 оқушы "Жас Қыран" қатарына қабылданды. Жасұландықтар мен жасқырандықтарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сымбат Кулмаганбетова құттықтады